Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК вокал мамандығының 2-ші сынып оқушысы

 

Қайнар Шырағым 2022 жылдың  қыркүйек айынан бастап  Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК вокал сыныбында оқиды. Мұғалімі Кайрат Арайлым Сериккалиевна. Оқуда озат, тәртіпті. Мектеп іс-шараларына белсенді қатысады.  Биылғы 2023-2024 оқу жылында Шырағым көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Алматы қаласында өткен Республикалық «Алатау айбыны» өнер байқауына қатысып, Бас жүлде; «Балбұлақ» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты  онлайн V Халықаралық өнер байқауынан - 1 орын; қалалық мәдениет үйінің. ұйымдастыруымен өткен «Бірге ән шырқайық» вокалдық байқауынан -    2-ші орын; Семей қаласында өткен Теміржан Базарбаева атындағы IV Халықаралық фестиваль – байқауынан - 3 орын;Алматы қаласында өткен Республикалық «Біз өмірдің гүліміз» өнер байқауына қатысып 1- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Қытай жеріндегі Хоргос қаласында өтетін байқауға жолдама алды. «Tamiris KZ» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Halyk_star» республикалық байқауына Н.Өнербаевтың «Мен өнерлі баламын» әнімен қатысып, 1 – орынды жеңіп алып, ТикТок желісіндегі бейнеролик 1 тәулік ішінде 38 мың қаралымға ие болып, продюсерлік орталықтың Өскемен қаласында ұйымдастырған, Қазақстанның эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен Гала концертке және телевизиялық жобаға жолдама алды. Гала концертте жас өнерпаз продюсерлік орталықтың ұсынған Апош Сарбаздың «Қазағым» атты авторлық әнімен қатысып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Жастайынан әнге құштар өнерпаз, сахнада өзін еркін ұстап, әнді талғаммен орындап, өзінің әдемі дауысымен тыңдармандарын баурап алады.  Балалар музыка мектебінде оқып жүргеніне небары 2 жыл болса да, талай байқауларды артта қалдырып үлгерді. Болашақта Шырағым бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз. Әрдайым жолың ашық, басқан қадамың нық болсын, Шырағым!