Услуги
2024 жылдың 26 сәуірінде Балалар музыка мектебінің «Музыка әлемінде» атты есеп беру концерті өтті. Концерт қалалық мәдениет үйінің сахнасында, Балалар музыка мектебінің білікті ұстаздары мен өнерлі оқушыларының қатысуымен, «Біртұтас тәрбиені» басшылыққа ала отырып, «Қазақтың 100 әні» атты мектепшілік жоба аясында ұйымдастырылды. Концертте шығармалар әр түрлі жанрда, түрлі аспаптарда ойналып, орындаушылары көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Аталған іс- шара, Балалар музыка мектебінің директоры - Жаманова Анара Темирбековнаның алғы сөзімен басталып, соңында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің басшысы Улукпанова Асем Женисбековнамен ұстаздарды марапаттауымен аяқталды. Сонымен қатар, ата - аналар комитетінің және қамқоршылық кеңесінің мүшелері – Қайрат Қайнар және Монаненко Екатерина Александровнаға сөз берілді.
https://kurshatov-muzshkola.kz/en/uslugi-4.html#sigFreeId4195cb28c5