#жаз_қосымшабілімберу2023

#Zhazqosymshabilim2023

Жаз - табиғатпен араласудың ең жақсы уақыты, үнемі алған әсерлердің өзгеруі. Жаз балалардың жыл бойы жинақталған эмоционалды күйзелісін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жазғы демалыс тек әлеуметтік қорғау ғана емес, сонымен қатар баланың шығармашылық дамуының, рухани әлемі мен интеллектінің байытылуының сынақ алаңы.

Абай ауданы білім басқармасы Курчатов қаласының білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында, мектеп мұғалімдері қаладағы жалпы білім беретін  мектеп жанындағы лагерьлерде түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Бұл – түрлі музыкалық ойындар, караоке, қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармашылығына арналған лекция-концерттер, музыкалық эстетикалық калейдоскоп, әр дәуірдің әншілері мен композиторларының шығармашылығымен танысады.

Жаздың алғашқы күндерінен бастап «ЖАСSTAR» Жазғы шығармашылық алаңы өз жұмысын бастайды, кез келген бала келесі бағыттар бойынша сабақтарға қатыса алады: домбыра, қобыз, баян, фортепиано, вокал. Сабақтар ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін өткізіледі.

Жазғы уақытта балалардың демалысы мен сауықтыруын сапалы және жоспарлы ұйымдастыру оқушылардың эмоционалдық және физикалық дамуына оң әсер білдіреді.

Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам бүкіл әлемде жасалып жатқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуде жазғы шығармашылық алаңдарының мүмкіндіктерін барынша пайдалануы керек.