2023 жылдың 29 маусым күні Курчатов қаласының Балалар музыка мектебінің музыкалық теория пәнінің оқытушысы Жумабаева К.Ж №4 жалпы білім беретін мектептің қасындағы лагерьде атты лекция-концерт өткізді. Лекция концерттін мақсаты: балаларды опера жанры мен балеттің пайда болу тарихымен таныстыру.
Опера және балет қойылымының құрылу ерекшеліктерімен және би мен сөз музыкасының өзара байланысы. Әңгіме барысында балалар: опера балеті дегеніміз не; олар қашан және қай жерде пайда болды; құрылымы мен мазмұны қандай; оларды кім жазады, кім орындайды; опера мен балет көрермендерге не үшін тартымды,қызықты екенін білді .Қазақстандағы ,Еуропадағы алғашқы опера театры қай жерде және қашан ашылды қандай танымалы опера балет дүниеге келді деген сұрақтарға жауап алды. М. Төлебаевтың Біржан мен Сара операсынан, А. Бородиннің Князь Игорь операсынан үзінділерді тамашалады. Балериналардың жұмысын бағалау үшін олар П. Чайковскийдің Аққу көлі балетінен кішкентай аққулардың биін орындауға тырысты. Вокалдық музыка мен классикалық бидің негізгі терминдерімен, опера және балет өнерінің бастауларымен танысты . Барлық музыкалық жанрлардың ішіндегі ең сүйіктісі ,19 ғасырда музыкалық өнердің ең танымал түрлері, сонымен бірге 19 ғасырдағы мәдениеттің ең жұмбақ және визиткасы опера және балет өнерінін ғажайып ерекшеліктерін көріп тамашалады. Кезедесу соңында балалар Үш аю Ертегісі желісінде жазылған шағын операны көріп өздеріде Бауырсақ операсын ойнауға тырысты. Кәсіби және бұқаралық өнердің көптеген түрлерін біріктірген жанрлармен кездесу позитивтік нотада аяқталды.
https://kurshatov-muzshkola.kz/kz/zhanaly-tar/131-muzykaly-teatrly-zhanrlar.html#sigFreeIda5e1a17077