Ағымдағы жылдың 9 қазанында, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің "Балалар музыка мектебінің" вокал сыныбының оқытушысы - Кайрат Арайлым Сериккалиевна, шәкірті - Қайнарқызы Шырағыммен Абай облыстық Семей телеарнасында сұхбат беріп қайтты. Аталған кездесуге түрткі болған - Республикалық "Әншуақ" қазақ тіліндегі балалар әндерінің байқауы. Тікелей эфирде "Елге сәлем!" айдарында, "Әнім сен едің" тақырыбында сұхбаттасып, жалпы "Әншуақ" байқауы жайлы ой толғап, соңында Шырағымның орындауындағы Апош Сарбаздың "Қазағым" әнімен аяқталды.